Дүниежүзілік сауда ұйымына ену

Астанада ДСҰ-ЕҚДБ Мемлекеттік сатып алу бойынша Ұлттық семинар өтеді

2016 жылғы 7-8 қарашада Астана қаласында Қазақстанның Қаржы министрлігі Дүниежүзілік Сауда Ұйымының Хатшылығымен (ДСҰ) және Еуропа Қайта Құру және Даму Банкімен (ЕҚДБ) бірлесіп Мемлекеттік сатып алу бойынша Ұлттық семинар өткізеді.
Нұр-Сұлтан05 Қараша , 13:16

Семинар Дүниежүзілік Сауда Ұйымының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісімінің ережелерімен және талаптарымен танысу және тәжірибе алмасу мақсатында өткізіледі.

Бұл Қазақстан Республикасының ДСҰ-на кіруіне және өзіне бірқатар міндеттемелер алуына байланысты, олардың бірі ДСҰ Мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісімінің байқаушы мәртебесін алу болып табылады.

Қазақстан Республикасының байқаушы мәртебесін алуға ресми өтінімі ДСҰ Мемлекеттік сатып алу комитетінің кезекті отырысы шеңберінде бірауыздан дауыс беру арқылы 2016 жылғы 19 қазанда мақұлданды.

Семинар жұмысына ЕҚДБ, ДСҰ Хатшылығының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысады.

 




Яндекс.Метрика