Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

Қазақстан Премьер-Министрі Өскеменде салынып жатқан фотоэлектрлі пластиналар мен ұяшықтар зауытын аралады

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өтіп жатқан «Қуатты өңірлер - қуатты Қазақстан» атты бірінші өңіраралық интеграция форумының қатысушылары «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бірегей жобасы бойынша «жасыл экономика» бағдарламасы аясында салынып жатқан фотоэлектрлі пластиналар мен ұяшықтар өндіретін зауытпен танысты.
Шығыс Қазақстан14 Шілде , 00:00

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Владимир Школьник бірегей өндірістің кейбір ерекшеліктері жөнінде әңгімелеп берді. Аталған зауыт биылғы жылдың соңына қарай іске қосылуы тиіс деп жоспарлануда. Сондай-ақ қонақтарға «KazahstanSolarSilicon» зауытының кварц, кремний, фотоэлектрлі пластиналар және күн модулі сияқты дайын өнімдері көрсетілді.

Қазір зауытта күрделі технологиялық жабдықты монтаждау жүріп жатыр. Бірқатар құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалған, ECM және SEMCO француз компаниялары жеткізетін негізгі технологиялық жабдыққа жөнелтілімге дейінгі сынақ жүргізілген.

Зауытта Қазақстан үшін жаңа өнім түрі - фотоэлектрлік пластиналар шығарылады. Олардың өндірісі негізгі шикізат ретінде металлургиялық таза Қазақстан кремнийін қолданатын Францияның тікелей технология трансфертіне негізделген.

Жаңа зауыт еліміздің аумағында энергияның балама түрлерін дамытуға, сондай-ақ, технологияның жаңа бәсекеге қабілетті түрін алуға мүмкіндік беретін ғылыми және жоғары технологиялық өндірістің құрылуын қамтамасыз етеді.




Яндекс.Метрика