Басқару

ҚР Президенті В. Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Қазан , 10:39

Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі аспектілерін талқылады.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Украина мен Сириядағы ахуал жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ, алдағы кездесулердің кестесі қарастырылды.




Яндекс.Метрика