«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Жамбыл облысында 2017 жылы 22,5 мың шаршы метр тұрғын үй салынады

Жамбыл облысында 2017 жылы 22,5 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салу жоспарланып отыр, деді «Бәйтерек Девелопмент» АҚ басқарушы директоры Асылжан Құртаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында.
Жамбыл29 Қазан , 13:06

Асылжан Әлімжанұлының айтуы бойынша, Мемлекет басшысы біздің азаматтар еліміздің кез келген өңірінде тұрып, жұмыс істей алуы үшін, қазақстандықтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету міндетін қойған. Ол үшін «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ға, несиелік және жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша Бағдарлама операторларының бірі ретінде, 113 млрд теңге бөлінген болатын. Тағы 67 млрд теңге Қоғамға жергілікті атқарушы органдар арқылы тұрғын үй объектілерінің құрылысын қаржыландыруға бағытталған. 

Бүгінгі таңда акционерлік қоғам жеке құрылысшылармен Тараз қаласында 395 пәтер салуға 5 инвестициялау шартын жасады. 

«Осылайша, 2016-2017 жылдары біз Жамбыл облысында 22,5 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Қазір Тараз қаласының «Арай» тұрғын үй алабында алты көппәтерлі тұрғын үйлердің біреуінің құрылысы аяқталуда. Осы үйді пайдалануға беру қарашаға жоспарланған. Желтоқсанда алғашқы 80 отбасы мемлекеттік бағдарлама бойынша енгізілген жаңа пәтерлеріне көше алады. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында осы шағын ауданда тағы 315 пәтердің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр», - деді А. Құртаев.




Яндекс.Метрика