Халықаралық интеграция

Австрияда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды (ФОТО)

Форарльберг федералды жерінің (Австрия) астанасы Брегенц қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Әлемде 29 Қазан, 12:34

Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау аясында және қазақстан-австрия дипломатиялық қарым-қатынастарының орнатылуына 25 жыл толу қарсаңында өткізілді.

Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы елшісі Қайрат Сарыбай Құрметті консулдықтың құрылуы екіжақты байланыстардың одан әрі нығаюына ықпал ететінін атап өтті. 

Дипломат қазақстандық тараптың Форарльбергпен ынтымақтастықты тереңдетудегі қызығушылығын атап өтті. Атап айтқанда, ол осы өңірдің металл өңдеу, машина жасау, электроника, тоқыма және тамақ өнеркәсібі салаларындағы өзінің дамыған инновациялық және экспортқа бағдарланған индустриясымен белгілі екенін айтты.

Форарльберг жер үкіметі төрағасының орынбасары Карлхайнц Рюдиссер, өз кезегінде, федералды жердің Қазақстанмен сауда айналымының едәуір өсуін айтты.

Қазақстан Республикасының Құрметті консулы Ханно Ульмер осы өңірде Қазақстанның мүдделерін танытуға жоғары сенім үшін алғыс білдірді және екі мемлекет пен халықтардың игілігі үшін бар білімі мен тәжірибесін қосатынын айтты.

Құрметті консулдықтың ашылуы аясында Брегенц қаласының «Festspielhaus» мәдениет орталығында Австрия мен Еуропада қазақстандық мәдениетті одан әрі танымал ету мақсатында, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан қазынасы – Ұлы Дала әуендері» жобасының концерті өтті. Қонақтардың алдында «Young Eurasian Soloists Orchestra» камералық оркестрі өнер көрсетті, оның негізін қалаушы және жетекшісі халықаралық байқаулардың лауреаты Шернияз Мұсахан. Көпшілікке әлемдік классикалық музыка мен белгілі қазақ композиторларының туындылары ұсынылды. 





Яндекс.Метрика