«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Таразда жыл соңына дейін 207 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Таразда жыл соңына дейін 207 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр, деді «Бәйтерек Девелопмент» АҚ басқарушы директоры Асылжан Құртаев Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Жамбыл29 Қазан , 12:03

Спикердің айтуы бойынша, пәтерлерді іске асыру екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша несиелік тұрғын үй және жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үй. Жалға берілетін тұрғын үй әкімдіктерде пәтер алуға кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына берілетін болады. 

Жамбыл облысының әкімдігінде хабарланғандай, құнына келетін болсақ, тұрғын үйді кейіннен сатып алумен ай сайынғы жалдау төлемі бір шаршы үшін 1110 теңгеден аспайды. Осылайша, ауданы 50 шаршы метр пәтерді кейіннен сатып алу құқығымен жалдау кезінде ай сайынғы төлем 55 500 мың теңгені құрайды. Ипотекаға қарағанда, мұнда алғашқы салым керек емес және 18 жыл жалдағаннан кейін пәтер тұрғын үй иелерінің меншігіне айналады.

А. Құртаевтың айтуы бойынша, жалпы өңірлер бойынша қазіргі уақытта «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бірқатар объектілер құрылыстың белсенді немесе аяқталу кезеңінде. Осылайша, жыл соңына дейін Қызылорда, Тараз, Қостанай, Шымкент және Ақтөбе қалаларында 207 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Жалпы алғанда, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ бүгінгі таңда Қазақстанның 14 өңірінде тұрғын үй объектілерінің құрылысына 44 инвестициялау шартын жасаған.  

«2016-2017 жылдары республика бойынша барлығы 691 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді немесе 11 000 астам пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл «Бәйтерек Девелопмент» желісі бойынша 11 мыңға жуық қазақстандық отбасы кепілдікті түрде тұрғын үй алатынын білдіреді», - деп қорытты Асылжан Құртаев.




Яндекс.Метрика