Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Өзбекстанның кәсіпкерлері өңіраралық кооперация болашағын талқылады

Әкімдердің орынбасарларының басшылығымен Қызылорда және Ақтөбе облыстарының бизнес топтары өкілдерінен құралған Қазақстан делегациясы Х халықаралық өнеркәсіптік көрме және кооперациялық биржа жұмысына қатысу мақсатында Өзбекстанға келді.
Әлемде 29 Қазан, 15:06

ҚР СІМ ақпараты бойынша, қазақстандық кәсіпкерлер Өзбекстанның өндірістік әлеуетімен және технологиялық мүмкіндіктерімен танысу барысында елдің өнеркәсіп қызметкерлерімен және инноваторларымен келіссөздер жүргізді.

Сондай-ақ, сапар барысында қазақстандық делегация басшылары Өзбекстанның Премьер-министрінің орынбасары Улугбек Розукуловпен, сыртқы экономикалық байланыстар, инвестициялар және сауда министрі Элер Ганиевпен және осы елдің ірі кәсіпорындарының басшыларымен кездесті, кездесу барысында тараптар экономиканың бірқатар секторлары бойынша өзара іс-қимылды жандандыру мүмкіндіктерін талқылады.

Өзбекстанның сауда-өнеркәсіптік палатасында екі ел арасындағы өңіраралық кооперацияның даму болашағына арналған қазақстан-өзбек бизнес семинары өтті.

Екі елдің мемлекеттік органдарының, қаржы институттарының және бизнес-топтарының өкілдері шекара маңы өңірлері арасындағы экономикалық өзара іс-қимылдың негізгі қырларын қарастырды, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені, машина жасау, тау-кен өндіру секторы, құрылыс материалдары мен электромеханикалық өнім өндірісі салаларында ынтымақтастықты көздеді.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов семинарға қатысушыларды өңіраралық ынтымақтастықты тереңдетуге жаңа серпін беру және Қызылорда облысының әлеуетімен танысу үшін іскерлік сапармен Қазақстанға шақырды.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев өзбек машина жасау саласының, әсіресе ауыл шаруашылығы бағытындағы сәтті дамуын оң бағалай отырып, Қазақстандағы агроөнеркәсіп секторын мемлекеттік қолдаудың тиімді тетіктері туралы айтып берді. Оның айтуы бойынша, өңіраралық өндірістік кооперацияны ұйымдастырудың көптеген мүмкіндіктері бар. 





Яндекс.Метрика