Адами капитал

ҚР Мемлекеттік хатшысы еліміздің әлеуметтік қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалады (ФОТО)

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Астана қаласында Әлеуметтік қызметкер күніне орай өткізілген салтанатты іс-шара барысында әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
Астана қаласы 28 Қазан, 17:42

«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында алғашқы соққы, әрине, әлеуметтік қызметкерлерге тиді. Ұзақ уақыт жалақысын алмаған адамдар, зейнетақысын ала алмаған зейнеткерлердің барлығы, әрине, сіздерге келді және әлеуметтік қызметкерлер елімізде орын алған реформаларды барынша түсіндіре алды. Ең бірінші кезең – зейнетақы реформасы қабылданған 90-шы жылдардың екінші жартысы. Бұл жерде зейнетақымен қамтамасыз етудің мүлде жаңа жүйесін түсіндіруге тура келді. Осының барлығы сіздердің арқаларыңызда», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшы екінші кезең ретінде – жеңілдіктер бойынша жаңа шешімдер қабылданған кезеңді, үшінші кезең ретінде біздің еліміз үшін мүлде жаңа жүйе әлеуметтік сақтандыру енгізілген, жаңа Еңбек кодексі, халықты жұмыспен қамту жөніндегі жаңа тәсілдер қабылданған кезеңді атады.

«Қазір жаңа кезең – бес институционалдық реформаны және Ұлт жоспарының «100 нақты қадамын» іске асыру кезеңі басталды. Мұнда да үлкен жұмыс жасауға тура келеді. Мен сіздерге осы күні мерекелік көңіл-күй, зор жетістік, ең бастысы – шыдамды болуды, өзіміз жұмыс жасайтын халықты құрметтеуді тілеймін. Әрбір отбасына бахыт, жетістік тілеймін, әлеуметтік қызметтің барлық ардагерлеріне, жұмыс істеуге келген жастарға алғысымды білдіремін!», - деп құттықтады Г. Әбдіқалықова.





Яндекс.Метрика