Халықаралық интеграция

Премьер-Министр ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Минскке жұмыс сапары аясында ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты.
Әлемде28 Қазан , 17:06

Отырыс барысында қатысушылар Еркін сауда аймағы туралы шарттың ережелерін жүзеге асыру барысын, ТМД қатысушы мемлекеттердің Тұтынушыларды құқықтық ағарту саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді және ТМД қатысушы мемлекеттердің қаржы-экономикалық саладағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі Бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруды талқылады, деп хабарлады primeminister.kz.

Б. Сағынтаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында қабылданған іскерлік ахуалды жақсарту, экономикалық өсімді қамтамасыз ету, қаржы нарықтарын және өзара сауданы нығайтудағы ортақ бағыт өзінің тиімділігін дәлелдегенін айтып өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар көпжақты құжаттарға қол қойылды.




Яндекс.Метрика