Өңірлер

Жамбыл облысында 250 орындық жаңа емхана пайдалануға беріледі

Жамбыл облысы Меркі ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 250 орындық жаңа емхана пайдалануға берілді. Нысанның ашылуына аймақ басшысы, басқарма басшылары мен аудан тұрғындары қатысты, деп хабарлады облыстың баспасөз қызметі.
Жамбыл28 Қазан , 19:31

«Еліміздің тәуелсіздігін алған 25 жыл ішінде денсаулық саласына үлкен көңіл бөлінді.  Денсаулық саласын қаржыландыру көлемі өсіп, 2005 жылы – 9,2 млрд. теңге бөлінсе, 2016 жылы - 40 млрд. теңге бөлінді, яғни 4,4 есеге өсті. Жамбыл облысы бойынша «100 мектеп, 100 аурухана салу» жобасы шеңберінде құны 18,8 млрд. теңгеге 6 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Одан бөлек 25 жаңа амбулатория, фельдшерлік пункттер халық игілігіне тапсырылды.  Мұның бәрі облыс тұрғындарының денсаулығын жақсарту  мен өміршеңдік деңгейін арттыруға бағытталып отыр»,-деді аймақ басшысы.

Жаңа емхана барлық талаптарға сай келеді. Бір мезгілде 250 адамның ем қабылдауға мүмкіндігі бар. 579 478 мың теңгеге қажетті құрал-жабдықтар алынған.
«Жасым 70-тен асты. Еңбек ардагерімін. Бүгін ауданымызда мынандай сән-салтанаты жарасқан жаңа емхананың ашылғанына өте қуаныштымын. Бұл біз сияқты қарттарға да жасалған қамқорлық деп ойлаймын. Жас кезімізде мұндай ғмараттар, құрылғылар өте аз еді. Енді міне бәрі қолжетімді. Бұның бәрі елміздің дамып, өркендеп келе жатқандығының, Тәуелсіздігіміздің арқасы. Бар мүмкіндікті жасап жатқан Елбасымызға алғысым шексіз»,-деді аудан тұрғыны Дәут Қадрханов.
Мұнан соң облыс басшысы Меркі ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Алдымен 2017 жылы құрылысы аяқталатын Сарымолдаев ауылындағы 600 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазір қарқынды жүріп жатқан қызылша жинау науқанын да назардан тыс қалдырған жоқ.   Мәселен "Сыпатай батыр" ЖШС биыл  200 га жерге балтамыр еккен. Бүгінде гектарынан 500-600 центнер өнім алуда.

Аймақ басшысы Меркі ауданындағы жұмыс сапары барысында бірқатар сауда орындарында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын да назарға алды. Тиісті мамандарға бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды. Сапар актив жиналысымен қорытындыланды.

 




Яндекс.Метрика