Халықаралық интеграция

ҚР-да шетелдік жұмысшыларға арналған квота сала бойынша бөлінеді

Жыл сайын Қазақстанға келетін шетелдік жұмысшылардың квотасы экономика салалары бойынша бөлінеді. Аталмыш жаңашылдық 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанға жоғары білікті жұмыс күшін тарту заңнамасына енген өзгертулерге арналған баспасөз мәслихатында.
Астана қаласы28 Қазан , 16:14

«Жыл соңына дейін Қазақстанның экономикалық белсенді  халқының санына байланысты квота әзірлейміз. Қаңтардан бастап  экономика салаларына байланысты квотаны бөлетін боламыз. Себебі, қазір жеке салалардың көбін шетелдік азаматтар алып отыр, ал жыл соңында шетелдік күшті  қажет ететін салада квота аз болады. Біз жұмыс берушілер мен мердігерлердің ұсынымдарын қабылдадық, жыл сайын шетелдік күш квотасы салаларға бөлінеді», - деді Т.Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, шетелдік жұмысшылар осыған дейінгі сияқты ҚР СІМ беретін визалар арқылы шығатын болады. Сондай-ақ, қызметкерлер  ішкі істер органдарындағы тіркеуден өтеді. Шетелдік күшке қойылатын тағы бір талап, олар кәмелеттік жасқа толуы керек. Сондай-ақ, олар медициналық сақтандыру мен сот ісіне қатысты емес екендерін растауы керек.




Яндекс.Метрика