Халықаралық интеграция

Е.Ыдырысов: Қазақстан шетелдік мамандар үшін барынша қолайлы көші-қон режимін әзірлеуде (ФОТО)

Қазақстан шетелдік мамандар үшін барынша қолайлы көші-қон режимін әзірлеуде, деді Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстанға жоғары білікті жұмыс күшін тарту заңнамасына енген өзгертулерге арналған баспасөз мәслихатында.
Астана қаласы 28 Қазан, 16:08

Министр атап өткендей, ведомство қызығушылық танытқан органдармен бірлесіп, Қазақстанда шетелдіктердің тұруына барынша жағдай жасауды қарастыруда.

«2017 жылдың  1 қаңтарынан бастап ЭЫДҰ, ЕАЭО  елдері мен Монко, Малайзия, Сингапур мен БАӘ  30 күнге дейін визасыз режимге ие болады, біз оған қоса инвестициялық  ахуалды жақсартуға тырысып жатырмыз. Біз режимді жеңілдетуге арналған арнайы шараларды енгіздік», - деді Е.Ыдырысов.

Министр айтып өткендей, ел басшылығы шетелдік мамандар үшін барынша қолайлы көші-қон режимін дайындауға ерекше назар аударады.

ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында  инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша  ауқымды жұмыс жүргізілуде.

Брифинг жұмысына Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов, ДСӘДМ басшысы Тамара Дүйсенова,  ІІМ Көші-қон саясаты департаментінің бастығы Серік Саинов, шетелдік дипломатиялық  корпус өкілдері қатысты.

Ботагөз Айтжанова

Сурет: Бауыржан Жуасбаев 





Яндекс.Метрика