Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақстанның 25 жылдығы: Қазақ мемлекетінің сенімді өрлеуі

Биыл Қазақстан Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық кезеңінен өтті. Осы кезең ішінде республикамыз халық бірлігі мен рухани күшінің арқасында өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы, кәсіпкерліктегі және қазақстандықтардың әл-ауқатындағы барлық көрсеткіштер бойынша өсу динамикасына қол жеткізе отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуда ерекше серпіліс жасады. Отандық және халықаралық сарапшылар Strategy2050.kz АА-мен егемен жылдардың қарқынды және сәтті жолдары жөніндегі пікірлерімен бөлісті.
Астана қаласы28 Қазан , 16:04

Қазақстан азаматтық, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтай алды – бұл тәжірибе бүгін басқа мемлекеттер үшін үлгі боларлық. Одан басқа, Қазақстан «Қазақстан-2030» стратегиясында қойылған міндеттерді мерзімінен бұрын орындады, осының нәтижесінде республика әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енді. Бүгін қазақстандықтар ҚР Тұңғыш Президенті және Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың нақты стратегиялық реформаларына сүйене отырып, жаңа заманауи ел құруды сенімді түрде жалғастырып келеді. Басты векторы «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясы болып табылатын Мемлекет басшысының бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» ұлт жоспары іске қосылды.

Корвинус университетінің (Будапешт) халықаралық қатынастар мектебінің докторы Михай Аладар Добрович Қазақстанның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі ешкімді күмәндандырмайды, ал Н. Назарбаевтың көп векторлы сыртқы саясатын іске асыру республикаға әлемдік аренада толық құқықты және құрметті қатысушы болуға мүмкіндік берді деп санайды.  

- Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен үлкен жетістіктерге қол жеткізді, тәуелсіздік сөзден ғана емес, нақты әрекеттерден байқалады. Қазақстанның даму моделі қазіргі уақытта осы өңірдегі ең сәтті модель болып саналады. Қазақстан кеңес үкіметінен кейінгі кеңістікте жетістікке жеткен елдердің біріне айналды.  

Шетелдік қонақ көп ұлтты және көп конфессиялы қоғам құрудың қазақстандық моделінің компоненттері болып табылатын бейбітшілік пен келісімнің құндылығын атап өтті. Одан басқа, спикер атап өткендей, Венгрияда көп ұлтты мемлекет құрудың қазақстандық тәжірибесі зерттеліп жатыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың бірнеше кітабы венгр тіліне аударылған.

Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі мен қалыптасуы Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи тұлғасымен тікелей байланысты. Елбасының даналығы мен көрегендігі елдің халықаралық аренадағы жетістіктерінің негізгі факторына айналды. Нұрсұлтан Назарбаев саяси стратегияны халқы үшін аса маңызды мәселелерге қатысты батыл бастамалардан бастады. 90-шы жылдардың өзінде Ұлыбританияның экс-премьері Маргарет Тэтчер Нұрсұлтан Назарбаевты қазіргі заманның ең танымал саясаткерлерінің бірі ретінде атаған болатын. М. Тэтчер, 1979-1990 жылдары Ұлыбританияның премьері бола тұрып, Н. Назарбаевтың бойынан сол кезде әлі жас Қазақстан Республикасының майталман көшбасшысын көре білген.

ҚР-ның Норвегиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Оле Йохан Бернойдың пікірі бойынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық ойлауы мен нақты қойылған мақсаттарының арқасында мемлекет экономикалық даму мен азаматтық келісімге жылдам қол жеткізген.

- Қазақстан 25 жыл бұрын дамудың жаңа жолына түсуге мүмкіндік берген тәуелсіздігін алды. Осы шағын уақыт аралығында ел елеулі жетістіктерге қол жеткізе алды. 25 жыл ішінде Қазақстан өз дамуында аса күрделі ілгерілеуге қол жеткізіп, кеңес үкіметінен кейінгі кеңістікте көшбасшы мемлекетке айналды.

Қазақстан шынында да тарихи өлшем бойынша осындай қысқа мерзім ішінде бірқатар ауқымды мәселелерді шешті: ел ядролық қарудан толық бас тартты, мемлекеттік шекараларын белгілеп, қауіпсіздіктің сенімді белдеуін құрды.

ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайы директорының орынбасары Күләйша Ақтаева атап өткендей, дәл осы уақытта Қазақстан сыртқы саясаттың басымдықтарын айқындап, атаған болатын

- Егер елдің қалыптасу кезеңіне келетін болсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңес үкіметінен кейінгі кеңістіктегі қауіпсіздік пен тұрақтылық проблемаларына көзқарастарының эволюциясын байқауға болады. Ол БҰҰ, ЕҚЫҰ мүшесі, АӨСШК және Еуразиялық одақ идеяларының бастамашысы ретінде әлемдік геосаяси кеңістікке шығу.

Сарапшының айтуы бойынша, сыртқы саясаттың осы басымдықтары – бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың интеграциялық бастамаларды алға шығарудағы жүйелілігінің нәтижесі.

Бүгін өткен 25 жыл ішіндегі стратегиялық жоспарлау мен зор еңбек нәтижелері таңдалған жолдың дұрыстығына оптимизм мен сенім ұялатады.

Өз кезегінде, ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова жас мемлекеттің жетістіктерін халықаралық қоғам жоғары бағалайтыны туралы пікір айтты.

  - Бүгінгі таңда Қазақстан бастамаларды ұсынып қана қоймай, маңызды жобаларды іске асыруға белсенді қатысады, сондықтан Қазақстан қазіргі саяси әлемнің беделді қатысушыларының бірі ретінде қабылданады. Қазақстан 25 жыл ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді, біріншіден, бұл экономикалық даму, екіншіден, тұрақтылық. Қазақстан – өте дипломатиялық ел.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика