Мәдениетті жаңғырту

Қазақстан өзге мәдениет және өркениетпен диалог құруға дайын – Мыңбай

Қазақстан тек өз елінің мәдени дамуын дамытуға мүдделі емес.Бұл туралы ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай ТМД елдерінің шығармашыл және ғылыми интеллигенциясының XI форумында айтты.
Әлемде 28 Қазан, 19:53

«Қазіргі заманда мәдениеттік даму мен мәдени-рухани байлық  деңгейі бәсекелестікте экономика көрсеткішімен тең келеді. Мәдениет көбінесе ұлттық бірлік негізінде жүзеге асады. ТМД елдері  стратегиялық және экономикалық дамуда жетістіктерге жету үшін  жан-жақты мәдени  ынтымақтастық орнатуға мүдделі», - деді Д.Мыңбай.

Ұлттық музей директорының айтуынша, ТМД елдерінің барлық мәдени жобалары өркениет негізін сақтаудың негізгі ұстанымдарын біріктіру үшін  жұмыс істеуде.

«Сондықтан, біз бүгін еуразиялық вектор туралы сөйлесе аламыз. Қазақстан тек өз елінің мәдени дамуын дамытуға мүдделі емес. Елдегі мәдени саясат  тұжырымдамасы барлық елдің мәдениетін біріктіруді көдейді», - дед ол. 





Яндекс.Метрика