Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл

Г.Әбдіқалықова: Қазақстан ядролық қарудан бас тарту арқылы халықаралық саясатқа жаңа стандарт әкелді

Қазақстан ядролық қарудан бас тарту арқылы халықаралық саясатқа жаңа стандарт сыйлады, деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова «Н.Назарбаевтың моделі: келісім мен бейбітшіліктің 25 жылы» ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық форумында.
Астана қаласы28 Қазан , 13:36

«Ел ішінде   бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етіп, халықаралық беделге ие болу арқылы  өзге елдер мен әлем елдерін бейбітшілікке шақыра алады», - деді Г.Әбдіқалықова.

Ол Қазақстан бейбітшілік пен келісім саясатының нәтижесінде  халықаралық қауымдастықта өз орнын тапты.

«Біздің ел ядролық қаруды таратпау режимі бойынша көшбасшы болып отыр. Біз әлемде ядролық полигоннан бас тартқан алғашқы мемлекет болып отыр. Бұл әлемдік тұрақтылыққа, қауіпсіздік пен тәртіпке қосқан үлес. Қазақстанның  бастамасын әлемдік қауіпсіздік те қолдап отыр», - деді ол.

Форумға қатысушыларға арнаған сөзінде Г.Әбдіқалықова қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін қалыптастырған Нұрсұлтан Назарбаевтың ауқымды тұлғалық ерекшелігіне тоқталып өтті. Мемлекеттік хатшы Қазақстан этносаралық келісім мен халық бірлігі саласында жаһандық көшбасшылардың біріне айналғанын айтты.

«Манифест – лаңкестік, экстремизм мен радикализмнің қауіпіне жауап. Тәуелсіздіктің 25 жылдығында қазақстандық бейбітшілік пен келісім  үлгісінің нығайтуындағы жетістік  2017-2018 жылдарға  БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелегіне сайлануы болды», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика