Ұлтаралық бірлік

Қазақстан 25 жыл ішінде этникаралық қарым-қатынас саласында 180-нен астам құжатты ратификациялады - Мемхатшы

Қазақстан Тәуелсіздік жылдары этникаралық қарым-қатынас саласында 180-нен астам құжатты ратификациялады , деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова «Н.Назарбаевтың моделі: келісім мен бейбітшіліктің 25 жылы» ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық форумында.
Нұр-Сұлтан28 Қазан , 12:27

«1995 жылдың  1 наурызында Ұлт көшбасшысының бастамасымен құрылған  ҚХА институты қазақстандық келісім мен бейбітшілікте негізгі рөлге ие. ҚХА-ның тиімді жұмысының нәтижесінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі қалыптасты», - деді Мемхатшы.

Ол айтып өткендей, ҚР Конституциясында   барлық азаматтардың құқығын теңестіретін 11 норма бар.

«Біздің ел Тәуелсіздік жылдары этникаралық қарым-қатынас саласында 180-нен астам құжатты ратификациялады. ҚХА төрағасы Президент – ҚР Конституциясының кепілгері. Парламентте этностардың кепілдендірілген төрағалығын  ҚХА атынан  9 Мәжіліс депутаты атқарады. Мемлекет этностардың мәдениетін, тілін, дәстүрін дамытуға қолдау көрсетеді. Бірлік пен даму  негізі ретінде «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құрылды. Қазіргі заман кезеңінде Ассамблеяның  инфрақұрылымы дамып жатыр», - деді Г.Әбдіқалова.

Мемхатшының айтуынша, ҚХА –  көпдеңгейлі  кадрлық корпус пен әлеуметтік лифт, ол арқылы білікті мамандар қоғам өмірінің кез келген саласында жұмыс істей алады.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика