Қазақстанның Тәуелсіздігі

Г.Әбдіқалықова: Қоғамдағы келісім, бірлік және тұрақтылық – мемлекеттік бәсекелестіктің негізі (ФОТО)

Қоғамдағы келісім, бірлік және тұрақтылық – мемлекеттік бәсекелестіктің негізі, деді Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Н.Назарбаевтың үлгісі: бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» атты халықаралық ғалымдар мен сарапшылар форумында.
Нұр-Сұлтан 28 Қазан, 12:06

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы – Г.Әбдіқалықова, ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері қатысты.

«Биыл еліміз үшін үлкен тарихи белес – Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Бұл кезең Қазақстан тарихы үшін дәуірлік оқиғалармен өлшенетін бейбітшілік пен келісімнің шежіресіне айналды. Ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық белесі аса жауапты тарихи міндетті орындау кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Биылғы жылы жүзеге асырудың практикалық кезеңі басталған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған Бес институционалдық реформаның түпкілікті мақсаты, арман-мұраты, ортақ болашағы – біртұтас ұлт құру екенін атап өткім келеді – деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова форумның ашылу салтанатында.

Сонымен қатар халықаралық форумға Ресей, Еуропалық Одақ, Латын Америкасы, Үндістан, Пәкістан, Оңтүстік Корея, Жапония, Моңғолия, Орталық Азия және т.б. елдердің ғалымдары мен сарапшылары қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика