Басқару

Мемлекеттік қызметшілерді бағалау әдістемесі әр қызметші еңбегінің объективті нәтижелерін көрсетуі тиіс – Қожамжаров

Мемлекеттік қызметшілерді бағалау әдістемесі қолдануда қарапайым болуы және әр қызметші еңбегінің объективті нәтижелерін көрсетуі тиіс, деді Агенттік төрағасы Қайрат Қожамжаров ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің кеңейтілген отырысы барысында.
Нұр-Сұлтан28 Қазан , 10:59

«Практикада мемлекеттік қызметтегі бос қызмет орындарына арналған конкурстардың жеңімпаздары жиі ол басталғанға дейін анықталады. Іріктеудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге арналған бақылаушылар институты жүктелген міндетті орындай алмайды. Біз бұл практиканы жоюымыз қажет, ол үшін Азаматтық бақылау жобасы шеңберінде жұмыс істейтін ҮЕҰ әлеуетін пайдалану қажет», - деп хабарлады ол.

Атап айтқанда, Қ. Қожамжаровтың айтуы бойынша, «оларға әңгімелесуде бақылаушылар ретінде міндетті түрде қатысу қажет». Сол кезде іріктеу қорытындыларына әсер ететін теріс факторларды барынша азайтуға болады.

«Біз еңбекақы төлеу кезінде әділдік қағидатын енгізуге кірістік. Мұндағы негізгі рөл әрбір қызметшінің жұмысын бағалау жүйесіне беріледі. Бұл күнделікті еңбек көрсеткіштері ғана емес, сонымен қатар, белгілі бір стратегиялық міндеттерге қол жеткізу де. Ол үшін жыл басында әр қызметшімен жеке жоспар құрастырылады. Біз алдын ала бағалау жүргіздік, оның нәтижелері мемлекеттік қызметшілердің 11%-ы – өте жақсы, 63%-ы тиімді жұмыс істейтінін көрсетті, ал 26%-ы қанағаттанарлық деп бағаланды. Бірақ қазірден бастап біз оны енгізу кезінде туындауы мүмкін қиындықтарды көріп отырмыз. Бұл бағалау әдістемесіне қатысты. Ол қолдануда қарапайым болуы және әр қызметші еңбегінің объективті нәтижелерін көрсетуі тиіс», - деді Қ. Қожамжаров.

Агенттік төрағасы қызметшілерді алмастыру институты енгізілгенін атап өтті.

«Мониторинг көрсетіп отырғандай, бұл механизм айтарлықтай белсенді қолданылмайды. Оның екі себебі бар. Біріншіден, тар шеңберлі мамандығы бар қызметшілерді алмастыру кезінде қиындықтар пайда болады. Мысалы, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшыларын қаржы және денсаулық сақтау басқармасындағы ұқсас орынға ауыстыру мүмкін емес. Осы мәселені шешу үшін, өңір-өңір қағидаты бойынша қолдану тәсілдерін іздеу қажет. Екіншіден, өңірлерде алмастырылатын қызметшілер үшін тұрғын үй жоқ. Сізге ведомстволық тұрғын үй қорын құру жұмысын үйлестіру қажет», - деп қосты ол.




Яндекс.Метрика