Басқару

Ә.Жақсыбеков министрліктердің штатын қысқартуды ұсынды

ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков министрліктердің штатын қысқартуды Мемлекеттік істер және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің кеңейтілген отырысында ұсынды.
Нұр-Сұлтан28 Қазан , 10:27

«Мемлекеттік органдардағы тағы бір өзекті проблема – кадрлар тұрақсыздығы. Қаншама жұмыс орындары ұзақ уақыт бойы бос қалады. Үшінші тоқсан қорытындысы бойынша, Қаржы министрлігінде күні бүгінге дейін 970 қызмет бос тұр. Ұлттық экономика министрлігі бойынша – 900 қызмет, Ауыл шаруашылығы министрлігінде – 280. Аймақтарда да осы жағдай», - деді ол.

ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі атап өткендей, басшыларды жұмыстан шеттету, бос жұмыс орындарының сол күйі бос қалуы – осының бәрі аппараттың тұрақтылығына кедергі жасап, қалған қызметкерлердің артық жұмыс істеуіне, артынша жұмыс сапасының төмендігіне алып келуде.

«Осы жерде толық талдау жүргізу маңызды – мұндай жағдайдың қалыптасуына не себеп, осыншалықты жұмыс орындары неге бос қалуда? Мүмкін министрліктер санын қысқарту керек шығар? Осы жерде үнемдеуді естен шығармау қажет», - деді Ә.Жақсыбеков.

 




Яндекс.Метрика