Евразиялық одақ

Импортты алмастыру есебінен АӨК бәсекеге қабілеттілігін арттыру – ЕАЭО елдерінің міндеті

«Еуразиялық апта» көрме форумы аясында «Инновациялар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде АӨК тұрақты дамыту факторы ретінде» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға ғылыми-өндірістік ұйымдардың, салалық одақтар мен қауымдастықтардың, бизнес-құрылымдар мен халықаралық ұйымдардың 60-тан астам өкілі қатысты, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі.
Әлемде29 Қазан , 10:03

Баспасөз қызметінің деректері бойынша, еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен алқасының мүшесі (министр) Сергей Сидорский Одақ нарығында соңғы жылдары оң үрдістер байқалатынын атап өтті.

Осылайша, 2015 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуі 2014 жылмен салыстырғанда 3%-ды құраған, үшінші елдерден импорт 32%-ға қысқарған. Сонымен бірге, Одақ елдері аграрлық саласының әлеуетін тиімді іске асыру, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру инновациялық тәсілдерді енгізумен тығыз байланысты.

«Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде импортты алмастыру және ішкі нарықты өз өнімімен толтыру саясатын жүргізу, ғылымның үздік жетістіктерін және озық тәжірибені пайдалану, бәсекеге қабілетті отандық өндірісті ынталандыру, инновациялар мен технологиялар трансферті өзекті болып табылады», – деп атап өтті С. Сидорский.

ЕЭК министрі ғылыми-техникалық дамудың озық ұлттық және әлемдік жетістіктерін жинақтау, инновациялық өнімдер мен технологияларды әзірлеу бойынша қолданбалы міндеттерді шешу үшін мүше мемлекеттердің ғылыми әлеуетін жұмылдыру, сондай-ақ оларды өндіріске енгізу бойынша жүйелі жұмысты қамтамасыз ету қажеттігін ерекше атап өтті.

Дөңгелек үстел модераторы, Комиссияның агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Станислав Бубен айтып кеткендей, іс-шара тақырыбының өзектілігіне ауал шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін агроөнеркәсіп кешенінің технологиялық деңгейін арттыру міндетінің стратегиялық сипаты және Одақтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы мен аралас салаларды тұрақты дамыту тетіктерін дамыту бойынша мүше мемлекеттердің бар күшін шоғырландыру қажеттігі себепші болады.

Іс-шараға қатысушылар аграрлық сектордың дамуының сын-тегеуріндері мен болашағын, ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту тиімділігін арттырудың технологиялық және экономикалық қырларын талқылады.  

Сондай-ақ, талқылау барысында ЕАЭО қазіргі АӨК бәсекеге қабілеттілігін арттыру, инновациялар мен технологияларды өндіріске енгізу маңыздылығы да атап өтілді. Бірінші кезектегі шаралардың ішінде елдер арасындағы АӨК ғылыми және инновациялық қызмет саласындағы ынтымақтастықты нығайту, ЕАЭО елдерінде ғылымды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бар.

Талқылау қорытындылары бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар саланы инновациялық дамыту жөніндегі ұсынымдары бар қарар қабылдады.




Яндекс.Метрика