Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

СҚО-да 2017 жылы ИИДМБ-ның 8 жобасы іске қосылады

СҚО-да 2017 жылы ИИДМБ-ның 8 жобасы іске қосылады, деді индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Жанат Сәдуақасов облыстық әкімдік отырысында.
Солтүстік Қазақстан28 Қазан , 20:08

Мекеме басшысы 2017 жылға арналған жоспармен де бөлiстi. Келер жылы 540 жұмыс орынын құруға мүмкiндiк беретiн 13,5 млрд. теңгенiң 8 жобасын iске қосу жоспарланған.

«Олардың iрiлерi — «Трансагроинвест» ЖШС қант өндiру зауыты, «Грибной мир» ЖШС қозықұйрық өсiру сауыты, «Тайынша-Май» ЖШС өсiмдiк майын өндiру зауыты, «SMBGROUP Family» ЖШС полипропилен бөшке және «Гиперкипич СК» ЖШС гиперпрестелген қаптауыш кiрпiш өндiрiсi», - деді Ж.Сәдуақасов.

Өңiр басшысы аудан әкiмдерiне Кәсiпкерлiктi қолдау картасы жобаларының жүзеге асырылуын жеке қадағалауды тапсырды.

«Бiз келесi жылдың бiрiншi тоқсанында Кәсiпкерлiктi дамыту картасының 60 жобасын жүзеге асыруға және инвестицияны 100 миллиард теңгеден асыруға тиiспiз. Алдымызға бұл мақсатты 2014 жылы «Қызылжар-Инвест» форумында қойған болатынбыз. Оны жүзеге асыру керек», — деп атап өттi Ерiк Сұлтанов.

 




Яндекс.Метрика