Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

KAZ Minerals 9 айда 97,1 мың тонна мыс өндірді

2016 жылдың 9 айында KAZ Minerals Тобы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемін 66%-ға арттырып, катод эквивалентіндегі 97,1 мың тонна мыс өндірген, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Казахстан 28 Қазан, 18:49

Үшінші тоқсанда 44,5 мың тонна катодты эквиваленттегі мыс өндірілді. Бұл екінші тоқсанмен салыстырғанда 43%-ға арттық.

Компания Бозшакөл (Павлодар облысы) және Ақтоғай (ШҚО) сияқты жақында іске қосылған ірі жобаларда өндіріс көлемін арттыруды жалғастырып келеді.

Бұл 2016 жылдың соңына қарай компания жоспарлаған 130-155 мың тонна аралығындағы катод эквивалентіндегі мыс көлеміне (2015 жылы Топ 81,1 мың тонна өндірген) қол жеткізуге мүмкіндік береді.





Яндекс.Метрика