Евразиялық одақ

Премьер-Министр Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Минскке жұмыс сапары аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты.
Әлемде28 Қазан , 08:51

Отырыс барысында қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақтың 2017 жылға арналған бюджетін, ЕАЭО Кедендік кодексі туралы шарт жобасын, ЕАЭО мүше мемлекеттердегі тауарлардың қадағалану шараларын, Еуразиялық экономикалық комиссияның халықаралық қызметін, сонымен қатар, бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерді талқылады.

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев отырыста Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара әрекеттесудің өзекті мәселелерінің ауқымды спектрі талқыланып, интеграциялық бірлестікті әрі қарай дамытудың жолдары белгіленгенін атап өтті, деп хабарлады primeminister.kz.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар көпжақты құжаттарға қол қойылды. 

Еске сала кетейік, ағымдағы жылды, ЕАЭО-дағы Қазақстанның төрағалығымен, ҚР Президенті Н. Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдерімен және маңызды интеграциялық бірлестіктермен экономикалық қарым-қатынасының тереңдей түскен жыл деп жариялады.

 




Яндекс.Метрика