EXPO-2017

Вьетнам «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі ұлттық павильон тақырыбын айқындады

Ханое қаласында Қазақстанның Вьетнамдағы елшісі Бекетжан Жұмаханов Вьетнам Социалистік Республикасының мәдениет, спорт және туризм министрі Нгуен Нгок Тхиенмен кездесті.
Әлемде 27 Қазан, 20:26

Келіссөздердің негізгі тақырыбы Вьетнамның «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу мәселесі болды. Елші көрмеге дайындық шеңберінде Қазақстан жүргізіп жатқан ауқымды жұмыс туралы, соның ішінде 105 ел мен 17 халықаралық ұйымның көрмеге қатысатынын растағаны және жақын арада қатысушы елдер одан әрі жұмысты ұйымдастыру үшін өз павильондарын ала алатыны туралы айтып берді, деп хабарлады ҚР СІМ.

Нгуен Нгок Тхиен Вьетнам «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді түрде дайындалып жатқанын және өзінің қатысуы аясында бірқатар мәдени іс-шараларды жоспарлағанын атап өтті. Осылайша, 29 тамызда көрмеде Вьетнам ұлттық күні өткізіліп, екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуының 25 жылдығына орай Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндерін өткізу жоспарланып отыр.

Вьетнамдық тарап ағымдағы жылғы қарашада Министрлік Вьетнамға берілген павильонды қабылдау және тақырыптық тұжырымдаманы одан әрі техникалық дайындау үшін Астанаға мамандар делегациясын жіберетінін хабарлады. Вьетнамдық павильонның тақырыбы  «A Fusion of Traditional and Modern – Vietnam’s Future Energy» деп аталады.





Яндекс.Метрика