Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Жамбыл облысында 127 мың адам шағын және орта бизнеспен айналысады

Жамбыл облысында 127 мың адам шағын және орта бизнеспен айналысады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Жамбыл 28 Қазан, 09:53

Жамбыл облысында жылдан - жылға белсенді шағын-орта бизнес субъектілер саны, өндірілетін өнім көлемі, сонымен қатар осы саладағы жұмыс орын саны да ұлғаюда, айталық, бүгінгі күні облыста 59 мың шағын және орта бизнес мекемелері тіркелген, мұнда 127 мың адам жұмыс жасайды, яғни экономикалық белсенді халықтың 23,5 пайызы.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша аймақтық филиалы, облыстың экономикасын әртараптандыру мақсатында, «Бизнестің жол картасы – 2020» Біріңғай бағдарламасы және жеке жобалары шеңберінде белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Айталық, Біріңғай бағдарламаның «Кәсіпкерлер несиесінің пайыздық үстемесін субсидиялау» тетігі бойынша, жалпы несие портфелінің соммасы 18,0 млрд. теңге құрайтын 134 жоба мақұлданды. «Кепілдендіру» тетігі бойынша 49 жоба мақұлданды, несие портфелінің соммасы 984 млн. теңге, оның ішінде кепілдендіру құны 409 млн. теңге, - деді қор басшысы.

 





Яндекс.Метрика