EXPO-2017

Малайзияның 50-ден астам технологиялық компаниясы «ЭКСПО-2017» көрмесінде өз әзірлемелерін таныстырады (ФОТО)

ҚР-ның Малайзиядағы елшісі Данияр Сарекенов Малайзияның Энергетика, жасыл технологиялар және су ресурстары министрінің бас хатшысы, ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ұлттық секция комиссары Сери Уджангпен кездесті.
Әлемде 27 Қазан, 18:47

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның   2016 жылдың  5-8 қазанында  Кула-Лумпурде өткен  «IGEM» көрмесіне қатысуы ЭКСПО-ны Оңтүстік-Шығыс Азия өңірінде ілгерілетуге, баламалы энергия саласында екіжақты ынтымақтастықты дамыту  саласында  жақсы негіз болғанын атады,  деп хабарлады СІМ.

С. Уджанг айтып өткендей,  Малайзияның бизнес ортасы өз мүмкіндігін ЭКСПО көрмесінде таныстыруға мүдделі.

«Бүгінгі таңда СІМ Малайзияның   50 жетекші компаниясымен көрмеде өзінің технологияларын таныстыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар  Малайзияның  Энергетика, жасыл технологиялар және су ресурстары  министрлігі мен Қазақстанның Энергетика министрлігі арасында  баламалы энергия көздері бойынша меморанду түзуге келісті.





Яндекс.Метрика