Инновациялар

NEWENERGY байқауында су электр станциясының жаңа түрі таныстырылды (ФОТО)

Шөлде алқаптарды құру бойынша стартап жобаны Санкт – Петербордан келген Андрей Казанцев Астанадағы #NEWENERGY global startup fest байқауында таныстырды.
Астана қаласы 27 Қазан, 16:13

Санкт-Петербордан келген Андрей Казанцев  су тасушының көмегінсіз шөлдерде алқаптарды қалыптастыру жобасын таныстырды.  Оның басты тетігі су электр станциясының жаңа типі.

«Табиғатта күн энергиясының төрттен бірі су маңында болады. Су ауада конденсатталып жаңбыр болып жерге жауады. Тау басында қалғандарын біз су электр станцияларына өзен ретінде пайдаланамыз. Асылында, бұл энергиямен күн 200 есе көп қамтамасыз етті. 100 жыл бұрын Тесла бір идея айтқан болатын,  егер бұлттан энергияны алуға болса , энергетикалық және су мәселелері  баяғыда шешілер еді. Мен тұман мен бұлттың жиналуы жүйесін жерде қолдануды ойлап таптым. Кейбір елдерде  торлар тұманды өткізіп,  20 пайыздан 50 пайызға дейін ылғал өнідіреді. Біз бұл жүйені қолдансақ, бұлттан су алып, гидроұңғыма арқылы жерге  ағызамыз. Бұл ең арзан тәсіл», - деді А.Казанцев.

Оның айтуынша, бұл идея нәтижесінде шөлде шынайы шұрай құруға болады.  

«Жерде миллиардтаған адам сусыз күн кешіп отыр. Ал су үстімізде екі шақырымда тұр. Бұлт – жақын құдығымыз. Бір торды көтеретін болсақ, су төгіледі. Біз шөлдерде жазира құрып, сумен халықты қамтамасыз ете аламыз. Мысал, Мальтада жарты милиион адам  суға тапшылық етіп отыр. Онда шарап судан арзан тұрады. Олардың мәселесі шақырымдық тор құрып, су өндіріп алумен шешіліп отыр», - деді ол.

Сонымен қатар маңызды шараға ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қатысты.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, NEWENERGY global startup fest байқауы әлемдік аренада еліміздің инвестициялық әлеуетін көтеруге және инновациялық және стартап жобаларды Қазақстанда дамытуға жол ашады.

Халықаралық стартап жобаларға әлемнің 55 елінен 784 өтініш келіп түскен. Байқауға АҚШ, Австралия, Ресей, Қытай, Канада, Израиль, Франция, Индонезия, Норвегия, Швеция, Ирландия, Үндістан, Түркия, Дания, Финляндия, Швейцария және т.б. мемлекеттер қатысуда.

Шараға 1 500 қатысушымен бірге халықаралық инвесторлар, венчурлық қорлар мен акселеторлар, ғылыми элита, баламалы энергетика саласының сарапшылары қатысып жатыр.

Сурет: Бауыржан Жуасбаев 





Яндекс.Метрика