Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Л. Прокопенко: «Әлем. XXI ғасыр» манифесі ҚР-ның бейбітшілік және көршілік саясатын ұстанатынын көрсетеді

«Әлем. XXI ғасы» манифесі Қазақстанның бейбітшілік және көршілік саясатын ұстанатынын көрсетеді, деді Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко «Н. Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесі: Орталық Азиядағы (ОА) өңірлік сәйкестік және қауіпсіздік» Орталық-Азиялық ғылыми-сараптамалық кеңес отырысында.
Астана қаласы27 Қазан , 15:52

«ҚХА барлық Орталық-Азия республикалары ғалымдарының қатысуын қамтитын Орталық-Азиялық ғылыми кеңес өткізуде. Бұл іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ҚР Президентінің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіне арналған. Іс-шараның маңызды мәселесі – өңірлік сәйкестікті қалыптастыру және мемлекеттердің ОА елдеріндегі ішкі саяси, әлеуметтік және мәдени жағдайға ықпал ететін экстремизм, терроризм, жаһандандыру сияқты халықаралық сын-тегеуріндерге қарсы тұруға бірлесіп күш салуы», - деп атап өтті Л. Прокопенко.

Оның айтуы бойынша, Астанаға әлемнің 10 елінен ғалымдар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар келген, олар қазақстандық сарапшылармен бірлесіп, жаһандық қауіпсіздік жолдарын талқылайтын болады.

«Манифест – барша әлемге жолдау. Өз кезегінде, ҚХА – бейбітшілік және келісім саясатын дамыту үшін Президент құрған құрал. Сыртқы саясат әрқашан ішкі саясаттың жалғасы болып табылатыны белгілі, сондықтан, ҚХА тәжірибеден өткізетін құрылымдық диалог, консенсус іздеу сияқты нысандар Ассамблеяның Мемлекет басшысы ел ішінде және шетелде сәтті пайдаланып келе жатқан әдіснамасы болып табылады.  «Әлем. XXI ғасы» манифесі Қазақстанның бейбітшілік және көршілік саясатын ұстанатынын көрсетеді», - деп қосты Л. Прокопенко.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика