Басқару

Бас прокуратура активтерді қайтару жөніндегі әлемдік ақпарат алмасу желілеріне қосылады – Ж.Асанов

Бас прокуратура активтерді қайтару жөніндегі әлемдік ақпарат алмасу желілеріне қосылады. Бұл туралы Жақып Асанов қаржылық тергеп-тексеру және шетелден ұрланған активтерді қайтару мәселелері бойынша дөңгелек үстелде хабарлады.
Астана қаласы27 Қазан , 16:53

«Бас прокуратура активтерді қайтару жөніндегі әлемдік ақпарат алмасу желілері – Еуропада «CARIN» және Азияда «ARIN-AP» желісіне қосылуға дайын. Бүкіләлемдік банк пен БҰҰ-ның «Ұрланған активтерді қайтару бойынша «StAR» бастамасына» қосылуға сұрату жіберілді. Келер аптада  «StAR» алғашқы шолу миссиясын қарсы аламыз. Олар бізге жобаны іске асыруға көмектеседі».

Естеріңізге сала кетейік, 24 қазаннан бастап Бас прокуратурада шетелден ұрланған активтерді қайтару жөніндегі семинардың екінші кезеңі өтіп жатыр, оның шеңберінде прокурорлардан, судьялардан және фискалдық органдар қызметкерлерінен құралған 10 ұлттық тренер оқытылуда.  




Яндекс.Метрика