Басқару

ҚР Мемлекеттік хатшысы Германия еліне Қазақстандағы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты (ФОТО)

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова Германия Федеративтік Республикасы Парламенті Бундестаг депутаты Сибилле Пфайфермен кездесті. Әңгімелесу аясында Мемхатшы Германия еліне Қазақстандағы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
Астана қаласы 27 Қазан, 13:21

Бундестаг депутатымен кездесу барысында Мемхатшы Қазақстан Тәуелсіздіктің  25 жылдығын тойлауға дайындалып отырғанын айтты.

«Келесі жылы Қазақстан мен Германияның дипломатиялық қарым-қатынасының  25 жылдығы тойланады.  Осы уақыт  ішінде айтарлықтай өзгерістер болды. Кедейлік халықтың  47 пайызын құраған кездер болатын. Қазір бұл көрсеткіш  2-3 пайызды құрап отыр. Әрине,  Германиямен өзара қарым-қатынаста  біз ерекше назарды сауда-экономикалық байланысқа  аударамыз. Соңғы жылдары сауда айналымы  2 млрд долларды құрады. Біз қазір 5 ірі компаниямен жаңа жобаларды жүзеге асыруға келіссөз орнатып жатырмыз», - деді мемхатшы.

Тараптар  ҚР мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты кеңейту келісіміне ерекше көңіл бөлді. Атап айтсақ, келісімді жүзеге асыру өзара сауда көлемінің артуына себеп болады.

«Келесі жылы бізде ауқымды ЭКСПО-2017 көрмесі өтеді. Біз германиялық тарапқа ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Германиялық павильон 2017 жылдың  12 шілдесінде ашылады», - деді Г.Әбдіқалықова.

Оның айтуынша, Қазақстанда өмір сүріп жатқан этникалық немістермен ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінеді.  

Қорытындысында Мемхатшы Бундестаг депутатына Қазақстан мен Германия арасындағы диалогтың нығаюына үлес қосқаны үшін алғыс айтты.

Сурет:  Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика