Парламент

Сенат ҚР мен РФ арасындағы резиденттікті растайтын келісімді мақұлдады (ФОТО)

Сенат «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына енген өзгертулерді мақұлдады.
Астана қаласы 27 Қазан, 12:28

«Аталмыш келісімнің негізгі мақсаты аталмыш үрдісті жеңілдету. Бүгінгі таңда  құзырлы органдар өз салық төлеушісіне резиденттік сертификатын береді. Аталмыш құжат легитимділікті қамтамасыз ететін штампты қажет етеді. Қазақстан мен Ресей арасындағы инвестиция көлемі  соңғы  10 жылда  19 млрд долларды құрады, ал ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы  2014-2015 жылдары  30 млрд долларды құрады. Қазақстан мен Ресей арасындағы  тығыз байланысты ескере отырып,  салық төлеушілерден  ҚР мен РФ апостильдік қарым-қатынастан бас тарту ұсынысы келді», -деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, Қазақстанның салық төлеушілері мен «Атамекен» ҰКП атынан ЕАЭО елдерінен апостелінен бас тарту туралы  ұсыныс түсті.

Сенат осылайша,  «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының жобасына енген өзгертулерді мақұлдады.

Индира Кауметова 

 





Яндекс.Метрика