Инновациялар

5 үздік стартап-жоба инвесторлардан қаржылай көмек алады (ФОТО)

Астанада өз технологияларын таныстыру және ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсынылатын 30 үздік жоба арасынан орын алуға сайысқа түсу үшін 37 елден 100 стартап-жоба жиналды.
Астана қаласы 27 Қазан, 12:01

30 жеңімпаз үшін басты сыйлық олардың стартаптарын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде таныстыру болып табылады, одан басқа, шақырылған инвесторлар мен мүдделі сарапшылар бес үздік жобаны қаржыландыруға ниет білдірді.

«Стартапфест NEWENERGY Қазақстанға жаңа технологияларды тартады. Сондай-ақ, ол энергетика секторына және Қазақстан экономикасының басқа да тиісті секторларына жаңа инвестициялар тартады және Қазақстандағы стартаптардың инновациялық дамуына оң әсер етеді», — деп хабарлады Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев байқаудың ашылуында.

Алайда, бұл байқау Қазақстан үшін сөзсіз пайдасымен қатар, энергетика және «жасыл технологиялар» саласындағы инноваторлардың өздеріне де өз жобалары үшін демеушілерді, сондай-ақ өз идеяларын тиімді ілгерілету және жетілдіру үшін шетелдік әріптестер табуға көмектеседі.

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев «ақылды» және энергия тиімді технологияларға ұмтылу Қазақстан астанасы үшін басымдық болып табылатынын атап өтті.

Бір күн бойы барлық командалар 90 минут ішінде өз жобаларын ұсыну және энергетика саласындағы қазақстандық және шетелдік инвесторлар мен сарапшыларды қызықтыру және «Болашақтың энергиясы» ЭКСПО-2017 көрмесінде өз жобаларын таныстыру мүмкіндігін алатын үздік 30 компанияның қатарына кіру үшін жарысады.

Сурет: Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика