Энергетика

Энергетика министрлігі Қашағанда 2017 жылы 4-тен 7 млн тоннаға дейін мұнай өндірілетінін болжап отыр

Қашағанда 2017 жылы 4-тен 7 млн тоннаға дейін мұнай өндірілетіні болжануда, деді Парламент Сенатында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
Астана қаласы27 Қазан , 11:54

«Біз келесі жылы Қашағанда мұнайды   4-тен  7 млн тоннаға дейін өндіруді жоспарлап отырмыз. Ұңғымалардың жұмысына байланысты қондырғы жұмыс істейді», - деді министр.

Жалпы, ведомствоның болжамынша, 2016 жылы Қашаған 1 млн тонна өндіруді жоспарлап отыр.

«Егер барлығы оңтайлы болса, миллион болады. Бірінші кезеңде жұмыс жақсы басталды», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика