Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Жуалылық кәсіпорындар 3,6 млрд теңгенің өнеркәсіптік өнімін өндірді

Жуалылық кәсіпорындар 3,6 млрд теңгенің өнеркәсіптік өнімін өндірді, деп хабарлады Жамбыл облысының әкімдігі.
Жамбыл28 Қазан , 20:24

Аудан бойынша  2016 жылдың есепті мерзімінде 1 269,8 млн теңгенің бөлшек саудасы жасалып, 2015 жылдың сәйкес кезеңіне нақты көлем индексі 97,5 пайызды құрады.  Облыстық көрсеткіш 99,4 пайыз, аудандар арасында 4 орында тұр.

Ауданда өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар ағымдағы жылдың  9 айында 3667,7 млн. (2059,8)  теңгенің өнімдерін өндіріп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 101,2 пайызды құрады, - деп хабарлады спикер.

2016 жылдың 9 айында жеке кәсіпкерлік саласы бойынша 1 млрд. 937 млн. 141 мың теңгенің өнімдері өндіріліп, қызметі көрсетіліп, сауда айналымы жасалып бюджетке 112 млн. 836 мың теңге салық төленді. Жалпы тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 3646, немесе 98,5 пайыз жұмыс істейді. 

Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағытымен субсидияланатын  несие алу және инфрақұрылым жүргізу мақсатында ауданның ауылдық округтерінен ұсынылған 13 жоба қатысып, 8 кәсіпкер нәтижелі жұмыстар атқарып аймақтық үйлестіру кеңесінің оң шешімін алып, 269,0 млн. теңге несие алып, жұмыстарын жүргізуде.

 




Яндекс.Метрика