Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы

2025 жылға қарай қазақ тілі өмірдің барлық саласында қолданылады-сарапшы

Мемлекет басшысының ойынша, қазақ тілі Қазақстан халықтарын біріктіруші тіл болады. 2025 жылға қарай барлығы мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, ана тіліміз өмірдің барлық саласында қолданылады. Бұл туралы strategy2050.kz сайтына берген сұхбатында «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамының төрағасы Мейрамбек Киіков хабарлады.
Астана қаласы18 Желтоксан , 00:00

«Қазақстан-2050» стратегиясы Жолдауы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, мен оны аса құлшыныспен қабылдадым. Экономиканы одан әрі жетілдіру, жастар, білім беру, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтарға қолдау көрсету мәселесі көңілімнен шықты... Мемлекет басшысы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру сияқты ауқымды міндет жүктеп отыр. Бұған дейінгі стратегияны орындауымыз көңілімізге сенім ұялатады, демек біз бұл биікті де бағындырамыз.

«Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамының төрағасы ретінде жаңа стратегиялық құжатта қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту жұмыстарын жалғастыру қажеттігі айтылғаны қуантты. 2025 жылдан бастап біздің әліпбиіміз латыншаға ауысады. Елбасының ойынша бұл мемлекеттік тілдің одан әрі жандануына ықпал етпек. Мен өзге де отандастарымыз сияқты бұл позицияны қолдаймын.

Мемлекет басшысы қазақ тілінің Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл болатынын атап көрсетті. 2025 жылға қарай барлығы қазақ тілінде еркін сөйлеп, ол өмірдің барлық саласында қолданылатын болады. Дегенмен Президент ағылшын тілін меңгеріп, орыс тіліне көңіл бөлу қажеттігіне де тоқталды, тіл білу- біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екеніне тоқталды», деді М.Киіков.




Яндекс.Метрика