Өңірлер

ЖҚЖК: Қошқарата ауылында 180 орындық мектеп салынды

Жамбыл облысының Қошқарата ауылында 180 орындық мектеп салынды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Жамбыл27 Қазан , 17:52

Қошқарата ауылындағы 180 оқушыға арналған орта мектеп құрылысы бойынша биылғы жылға 167 224,0 мың теңге  қаржы бөлініп, оның 166 362,0 мың теңгесі игерілді және тамыз айында пайдалануға берілді. 

Жалпы сметалық құны 36 709,0 мың теңгені құрайтын Б.Момышұлы ауылындағы Д.Қонаев атындағы орта мектебіне қазандық құрылысы жүргізілуде. Есепті мерзімде 30557,0 мың теңге қаржысы игерілді. Қазан айының аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Ауданда 28 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, оның 26 - балабақша, 1 - шағын орталық, 1 -жекеменшік балабақша, оларға 2145 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуда. 
Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде қамтылған 1-6 жас аралығындағы бала саны - 2145 (54,0 пайызды құрайды.2145/3697), 3-6 жас аралығында бала саны–1886, немесе   90,3 пайыз, (1886/2087), - деп хабарлады спикер.

 




Яндекс.Метрика