Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Ақтөбе облысында 169,9 шақырым республикалық жолдың жөнделуі аяқталуға жақын

Ақтөбе облысында 169,9 шақырым республикалық жолдың жөнделуі аяқталуға жақын, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақтөбе27 Қазан , 11:16

2016 жылы Ақтөбе облысында көлік инфрақұрлымын дамытуға, соның ішінде республикалық деңгейдегі көлік жолдарын жөндеу мен қайта құруға 11,37 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат 169,9 шақырым көлік жолдарын жөндеу мен қайта құру жұмыстарын жүргізуге, сонымен қатар, Ақтөбе қаласындағы көше желісінің 40,4 шақырымдық көлік жолдарын күрделі және орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Аталмыш мәселе облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатаң бақылауында.  Бүгін өңір басшысы 2 – 16,5 шақырымдық «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» көлік жолында жүргізілген жұмыстың сапасын бағалады. Күрделі жөндеу жұмыстарына 1,5 млрд. теңге қарастырылған. Ағымдағы жылы 500 млн.теңгесі игерілді. Жолдың төменгі негізгі қабаттары төселді.

Бас мердігер мекеме басшысының көзінше жол жамылғысына тексеріс жүргізіліп, ені өлшенді.  4 категориялық жолға жататын «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» көлік жолының нормативтік ені 7 метр болып табылады.




Яндекс.Метрика