Су ресурстарына арналған жаңа саясат

Ақтөбе облысында суармалы жерлердің ауданын ұлғайту үшін су қоймаларын қайта құрады (ФОТО)

Ақтөбе облысында суармалы жерлердің ауданын ұлғайту үшін су қоймаларын қайта құрады (ФОТО)
Ақтөбе 27 Қазан, 10:31

«Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалының бастығы Бекзат Нәметов хабарлағандай, пайдаланылған 49 жыл ішінде тозған гидроқұрылыстардың кейбір элементтері қайта құрылатын болады. Одан басқа, су қоймасының сыйымдылығы қазіргі 6 млн текше метрден 7,5 млн текше метрге дейін ұлғайтылады.    

«Нәтижесінде, су қоймасының суару қабілеті 400 га-дан 1 000 га-ға дейін ұлғаяды. Артық су Сазды өзеніне құйылады, бұл ауыз суды жұмсамай, жасыл екпелерді, гүлбақшалар мен гүлзарларды  тұрақты суару проблемасын да шешеді», - деді ол. 

Сондай-ақ, қайта құру барысында су қоймасын қалдықтардан тазарту бойынша іс-шаралар жүргізіледі, суды есепке алу аспаптары, сыртқы электрмен жабдықтау және сыртқы жарықтандыру, күзет және бейнебақылау бекеттері орнатылған. Сигналдық бағаналар орната отырып, асфальт төсеу көзделген. Қайта құрудың жалпы құны – 131, 8 млн теңге. Жобаны іске асыру арқылы қосымша 10-12 жұмыс орны ашылады.

«Біз қала тұрғындарына Сазды жазғы демалыстың қолайлы орнына айналатынына сөз берген едік. Осы жобаны іске асыру кезінде демалыс аймақтары, әсіресе балаларға арналған орындар қайда орналастырылатынын алдын ала ойластырыңыздар», - деп тапсырды Б. Сапарбаев жауапты жергілікті атқарушы органдарға.

Ақтөбеде өңір басшысының бастамасымен Сазды өзенін Ақтөбе су қоймасымен біріктіретін 11 шақырымдық су бұрғыш салу жоспарланып отыр. Су бұрғыш арқылы артық су өзенге құйылады және қосымша су бұрғыштардың салынуы арқылы облыстық орталықтың жасыл екпелерін күтіп-ұстау үшін пайдаланылады.  

Бүгінгі таңда «Құрылысконсалтинг» ҰО» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы сараптамадан өткен жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеген. Кезекте – жұмыс жобасын әзірлеу тұр. Қаржыландыру Еуропалық қайта құру және даму банкі тарапынан күтілуде. Ақтөбеде 23 шағын бақ, 7,8 га гүлзар, 16 мың ш.м. гүлбақша бар, 27 мыңнан астам ағаш күтілуде. Сазды және Ақтөбе су қоймаларының қайта құрылуымен жоғарыда аталған барлық объектілер суармалы сумен толық қамтамасыз етіледі деп күтілуде. 





Яндекс.Метрика