Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Ақтөбеде 2016 жылы 3,4 млрд теңгеге 40 шақырым жол жөнделді

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен Ақтөбе облысында жол жамылғысын жөндеу кезіндегі технологиялық нормалар мен ережелерді сақтау тексерілуде, деп хабарлады “Ақтөбе ақпарат” орталығы.
Ақтөбе27 Қазан , 09:34

2016 жылы Ақтөбе облысында көлік инфрақұрлымын дамытуға, соның ішінде республикалық деңгейдегі көлік жолдарын жөндеу мен қайта құруға 11,37 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат 169,9 шақырым көлік жолдарын жөндеу мен қайта құру жұмыстарын жүргізуге, сонымен қатар, Ақтөбе қаласындағы көше желісінің 40,4 шақырымдық көлік жолдарын күрделі және орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, өңірде жүргізіліп жатқан ауқымды жөндеу жұмыстарының сапасы көптеген ақтөбеліктерді толғандыратындықтан,  бұл мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көтеріліп, әлеуметтік желілерде талқыланып жүр.

Аталмыш мәселе облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатаң бақылауында.  Бүгін өңір басшысы 2 – 16,5 шақырымдық «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» көлік жолында жүргізілген жұмыстың сапасын бағалады. Бас мердігер  «Ассана-ДорСтрой» ЖШС жөндеу жұмысын 2017 жылдың күзінде аяқтауды жоспарлап отыр. Күрделі жөндеу жұмыстарына 1,5 млрд. теңге қарастырылған. Ағымдағы жылы 500 млн.теңгесі игерілді. Жолдың төменгі негізгі қабаттары төселді.


 




Яндекс.Метрика