Халықаралық интеграция

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев РФ Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мәскеуге жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесу өткізді.
Әлемде26 Қазан , 20:17

Кездесу барысында тараптар өнеркәсіп, энергетика саласындағы, сауда және экономика, көлік секторындағы және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, алда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес және ТМД Үкімет басшылары кеңесі отырыстарының мәселелері талқыланды.

Еске салсақ, 27-28 қазанда Минск қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес және ТМД Үкімет басшылары кеңесі отырыстары өтеді, оған ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қатысады.

 




Яндекс.Метрика