EXPO-2017

Қазақстанда «жасыл» стандарт бойынша жылжымайтын мүлік нысандарын сертификаттау ұсынылды

GREENSTANDARDS.KZ сертификациялаудың жүйесі Қазақстандағы жылжымайтын мүліктің шығынын азайтатын тиімді экологиялық менеджмент жасауға мүмкіндік береді. Бұл туралы «МО «ЕХРО&WOMEN» ЗТБ Президиумының төрағасы, ҚР Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу кеңесінің мүшесі Салтанат Рахымбекова «ЭКсПО-2017» Ұлттық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер» жобасы аясында имидждік шаралар өткізуге үкіметтік емес ұйымдарды тарту бойынша ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және халық арасында «жасыл экономиканы» насихаттауға арналған дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан26 Қазан , 18:52

Шара аясында «G-Global  дамыту және жасыл экономика коалициясы» ЗТБ  жобасы таныстырылды. «Жасыл» стандарт  бойынша  GREENSTANDARDS.KZ   бойынша жылжымайтын мүлік  нысандарын сертификаттауды ұсынды.

« Біз «жасыл» стандарттауды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Ойын сауық кешендері, жылжымайтын мүліктері бар,  біз «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізіп отырмыз. Барлық әлемде «жасыл стандартты» қолдануды іске асырып қолдау көрсетсе тиімді болар еді», - деді С.Рахымбекова.

Оның айтуынша, «жасыл» технологияларды қолдану, бірінші кезекте, бизнесті имидждік тұрғыда насихаттағанда тиімді болады. Бұл әдіс қонақ үйлерге өзге шығындарға 4 есе үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Нысандар энергиялық тараптан тиімді, ресурстық ұтымды,  қоршаған ортада дос болады, қонақ үйлер жоғары бағаны неге ұстанады? Себебі, шығынның 7-80 пайызын коммуналдық төлем құрайды. Егер біз бұл шығынды азайта алсақ, баға да төмендейді», - деді сарапшы.

С.Рахымбекова  «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу қарсаңында  «жасыл» стандартты туристік  салада енгізу үрдісі өте маңызды. Осы орайда  өз еркімен GREENSTANDARDS.KZ жүйесін ұсынамыз, ол тиімді экологиялық менеджмент құруға мүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, «жасыл» стандарт арқылы үрдістен өткен кәсіпорын  «жасыл» компания мәртбесіне ие болады. Ол елдің «жасыл»  экономикаға көшу кпілдігі мен ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбына қосқан үлесі болып табылады.

Шараны ұйымдастырушылар қатарында «Астана қаласының ішкі саясат басқармасы» ММ қолдауымен «Қазақстан әйелдері қауымдастығы» ҚҰ, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия  және «ЕХРО&WOMEN» Халықаралық ұйымы» ЗТБ бар.

Индира Кауметова

 

 




Яндекс.Метрика