Мәдениетті жаңғырту

Қазақстанда бірінші Парадельфий ойындары өтеді

2016 жылғы 1-5 қараша аралығында Ақмола облысының Степногорск қаласында жоғары өнер форумы – ХІІ Ұлттық Дельфий ойындары өтеді.
Нұр-Сұлтан26 Қазан , 20:28

Мәдени оқиғаны ұйымдастырушы ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің, Степногорск қаласы әкімдігінің қолдауымен Ұлттық Дельфий комитеті болып табылады.

Ағымдағы жыл Ұлттық Дельфий комитетінің Қазақстанда және ТМД елдері арасында ХІІ Ұлттық ойындар аясында екі номинация: хореографиялық өнер және ымдау тілінде ән айту бойынша бірінші Парадельфий фестивалін өткізуімен ерекшеленеді. Енді мүмкіндігі шектеулі жастар Ұлттық Дельфий комитеті бастамасының арқасында өздерінің таланттарын Ұлттық жобада көрсетудің бірегей мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлады Ұлттық Дельфий комитетінің баспасөз қызметі.

2016 жылғы Ұлттық Дельфий ойындарына қатысуға 17 номинация бойынша 500-ден астам адам өтінім берді: фортепиано,баян/аккордеон, домбыра, қобыз, театр, академиялық әндер, халық әндері, эстрадалық әндер, халық биі, заманауи би, фотография, тележурналистика, қысқа метражды кино, бейнелеу өнері, киім дизайны, сәндік-қолданбалы өнер, ымдау тілінде ән айту және ди-джей.

3-4 қарашада ойындарға қатысушылар байқау күндерінен өтеді, онда Степногорск қаласының барлық мәдени алаңдарында Қазақстанның барлық өңірлерінен келген дарынды жастар Ұлттық Дельфий ойындарының жүлделі орындары үшін жарысқа түседі, оның нәтижелері бойынша үздіктері Дельфий ойындарының халықаралық шыңын бағындыруға аттанады.

Қатысушыларды білікті қазылар алқасы бағалайды. Ойындардың жабылуы жеңімпаздардың гала-концертімен аяқталады.




Яндекс.Метрика