Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Астанада 20 млрд теңгеге үш жаңа көпір салынады

Астанада 20 млрд теңгеге үш жаңа көпір салу жоспарланып отыр, деді автожол басқармасының жетекшісі Асхат Қарағойшин.
Нұр-Сұлтан 26 Қазан, 17:16

Сол жағалаудың көлік қысымын бәсеңдету үшін қысқамерзімді уақыт ішінде  Тәуелсіздік даңғылының құрылысы № 46  көшеден  Хусейн бен Талал көшесіне дейін салынады. Болашақта  Хусейн бен Талал көшесі № 39 көшеден бастап салынады. Оның ұзындығы  10 шақырым болмақ.

«Бірінші жоба - Хусейн Бен Талал көшесінен № 46 көшеге дейін. Түйісу қарағандылық жолға дейін жетеді. Жаңа вокзалға дейінгі жолды жақында саламыз, оның ішінде екі көпір салу да бар. Үш көпірдің құны  20 млрд  долларды құрайды», - деді ол. 





Яндекс.Метрика