Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстан шетелдік әуе желілерімен ЭКСПО-2017 кезеңіне жаңа рейстерді іске қосу туралы келіссөздер жүргізуде

Қазақстан бірқатар шетелдік әуе желілерімен ЭКСПО-2017 кезеңіне жаңа рейстерді іске қосу туралы келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Берік Қамалиев ведомстводағы баспасөз конференциясы барысында хабарлады.
Нұр-Сұлтан 26 Қазан, 16:41

«ЭКСПО шеңберінде біз ҚР Үкіметінің қолдауымен «ашық аспан» жүйесі бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Біз фин әуе желісі сияқты жаңа әуе желілері өз жұмысын бастайтыны туралы келіссөздер жүргізіп, келісімге қол қойдық. Жақын арада польшалық авиация басшылығымен келіссөздер жүргіздік. Венгриямен де келісім бар, австриялық, чехиялық әуе желілерімен рейстерді жаңартып жатырмыз. Одан басқа, Қытайдан Air Chinа компаниясы ұшатын болады. 12 желтоқсанда біз Air Astana және Scat әуе компаниялары үшін қосымша слоттар сұраймыз, осылайша, Алматыдан Сеань, Тегеран бағыты бойынша жаңа халықаралық рейстерді ұлғайтпақпыз», - деп хабарлады Б. Қамалиев.

Сондай-ақ, вице-министр Оңтүстік-Шығыс Азиядан, Қытай мен Кореядан Алматы мен Астана арқылы Еуропаға, Парижге, Лондонға әуе қатынастары бойынша транзиттің даму үрдісін атап өтті.

«100 нақты қадам» ұлт жоспарының 73-қадамын іске асыру шеңберінде астананың халықаралық қаржы орталықтарымен байланысын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні Астанадан бес халықаралық қаржы орталығы: Франкфурт, Лондон, Дубаи, Гонконг, Сеул бағытына тікелей ұшулар орындалуда. Сондай-ақ, Вена, Париж, Абу-Даби, Пекин, Стамбул, Үрімші және басқа қалаларға тікелей рейстер жүзеге асырылуда. 2018 жылы – Токиомен, 2019 жылы – Сингапурмен, 2020 жылы Нью-Йоркпен әуе қатынасын ашу жоспарланып отыр», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика