Халықаралық рейтингтегі Қазақстан

Қазақстан Doing Business рейтингі бойынша төртінші рет үздік реформатор атанды

Қазақстан Doing Business рейтингі бойынша төртінші рет үздік реформатор атанды, деді ҚР президенті жанындағы ОКҚ-да ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева.
Нұр-Сұлтан26 Қазан , 16:31

Дүниежүзілік Банк тобының жетекші басылымы «Doing Business 2017» баяндамасына сәйкес, Қазақстан әлемдік рейтингте 35-ші орынды иеленіп, «Doing Business 2016» көрсеткішіндегі 41-ші орынмен салыстырғанда 6 орынға жоғарлады.

«Аталған зерттеуде 10 индикатор бойынша 190 ел үшін деректерді салыстыруға мүмкіндік беретін бизнес-ахуалдың қолайлығы деңгейінің сандық көрсеткіштері қолданылып отыр.  Қазақстан рейтингте Бельгия (42), Италия (50), Израиль (52), Греция (61), Түркия (69) сияқты ЭЫДҰ-ның елдерінен басып озды. ЕАЭО Кеден одағы елдерінің арасында Қазақстан рейтингте Белоруссия (37), Армения (38), Ресей Федерациясы (40), Қырғызстан (75) елдерінен басып озды», - деді ол.

Дүниежүзілік Банк іскерлік ахуалды жақсартуға бағытталған қарқынды реформаларды жүргізіп отырған 10 елді атады. Онда  Қазақстан рейтингтің 7 индикаторы бойынша 2-ші позицияны иеленді. Сондай-ақ, Қазақстан соңғы 12 жылда төртінші рет үздік реформаторлар ретінде атап өтілді.

Казақстан рейтинг елдерінің бірінші үштігіне «Миноритарлы инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша 3-орын алып енді.

«Келісімшарттарды орындау»  индикаторындағы 9 орынмен Қазақстан екінші жыл қатарынан он үздік елдер қатарынан орын алып отыр. «Меншікті тіркеу» индикаторы бойынша 18 орындағы Қазақстанның ұстанымы сақталды.

Рейтинг бойынша Қазақстан келесі көрсеткіштер бойынша жоғары серпінге ие: «Құрылысқа рұқсат алу» (22 орын), «Электр желілеріне қосылу»  (75- орын) индикаторлары.

««Төлем қабілетсіздігін шешу»  (37- орын) «Кәсіпорындарды тіркеу» (45- орын), «Салық салу» (60-орын), «Кредиттер алу» (75- орын),  «Халықаралық сауда» (119- орын) индикаторындағы Қазақстанның ұстанымы жарияланды.

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business 2017»  рейтингі бойынша бизнесті жүргізу үшін ең қолайлы елдер Жаңа Зеландия (1), Сингапур (2), Дания (3), Гонконг (4) және Оңтүстік Корея (5)», - деді Ғ.Жолдыбаева. 




Яндекс.Метрика