Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Словения арасында автокөліктер арқылы 2,5 мың тонна жүк тасымалданды

Любляна қаласында Қазақстан-Словения үкіметаралық комиссиясының сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі отырысы шеңберінде Автомобиль тасымалдары жөнінде қазақстан-словения аралас комиссиясының бірінші отырысы өтті, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.
Нұр-Сұлтан26 Қазан , 18:31

Отырыс барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Словения Республикасы арасында жүк тасымалдарының көлемі туралы ақпаратпен алмасты және жүк тасымалдары көлемі ұлғаюының оң динамикасын атап өтті.

«2015 жылы Қазақстан мен Словения арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдарының көлемі 12%-ға өсті және 3,5 мың тоннаны құрады. Автомобиль көлігімен тасымалданатын негізгі жүктер химия өнеркәсібі өнімдері, машиналар механизмдері және құрал-жабдықтар, сондай-ақ қара және түсті металдар болып табылады. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында екіжақты қатынастағы жүк көлемі 2,5 мың тоннаны құрады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстан Республикасы мен Словения Республикасының халықаралық автомобиль тасымалдарын реттейтін нормативті құқықтық актілеріне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат алмасты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша 2017 жылға жүк тасымалдары үшін рұқсат бланкілерімен алмасудың алдын ала квотасы орнатылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.

 




Яндекс.Метрика