Өңірлер

Қарағанды облысында жыл басынан бері 87,8 мың тонна еті өндірілді

Жедел деректер бойынша 2016 жылғы 9 айда Қарағанды облысында тірі салмақта мал мен құстың барлық түрлерінің 87,8 мың тонна еті өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9%-ға артық, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.
Қарағанды26 Қазан , 18:13

Мал мен құстың  барлық түрлерінің етін өндіру құрылымында айтарлықтай үлес салмақ сиыр етіне тиесілі - 47%. Қой еті мен қозы еті 18,3%-ды құрайды, шошқа еті – 10,5%, жылқы еті – 16,4%, құс еті – 7,7%, түйе еті – 0,1%.

Мал мен құстың барлық түрлері етінің негізгі үлесі – 55,2% жұртшылық шаруашылықтарымен өндірілген.

Облыстың ет өндірісінің жалпы көлеміндегі айтарлықтай үлес салмақты Бұқар жырау ауданы – 17,9%, сондай-ақ Шет, Қарқаралы және Жаңаарқа аудандары алады – сәйкесінше 16,4%, 15,5%, 12,1% .

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда сиыр сүтін өндіру 8,2%-ға өсті және 341,1 мың тоннаны құрады. Сиыр сүтінің негізгі өндірушілері жұртшылық шаруашылықтары болып табылады, облыстық көлемдегі олардың үлесі 54,7%-ды құрады.

Сиыр сүтінің негізгі көлемін Шет, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарының шаруашылықтары өндірген. Оларға облыс бойынша өндірілген көлемнің 45,2%-ы тиесілі.

Тауық жұмыртқасын өндіру 472,9 млн. дананы құрады, бұл бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3%-ға көп. Жұмыртқа өндірісі бойынша жетекші қатарды ауыл шаруашылығы кәсіпорындары алады, олар 9 айда облыс көлемінің 90,9%-ын өндірген. Тауық жұмыртқасын өндіруде негізгі көлемді Бұқар жырау және Абай аудандарының ауыл шаруашылықтары өндірген – сәйкесінше 54,8% және 36,3%.

 




Яндекс.Метрика