Халықаралық интеграция

Жапония Қазақстанмен ынтымақтастықты ілгерілетуге үлкен мән береді - СІМ

Жапония Қазақстанмен ынтымақтастықты ілгерілетуге үлкен мән береді, деді Жапония Үкіметі Бас хатшысының орынбасары Котаро Ногами Қазақстан Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевпен кездесуінде.
Әлемде 27 Қазан, 09:13

К. Ногами Орталық Азиямен ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі кеңес Төрағасы болып табылады және үкіметтік деңгейде Қазақстанмен және өңірдің басқа да елдерімен қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін үйлестіреді.

Бұл кеңес Жапонияның Премьер-министрі Синдзо Абэнің 2015 жылғы қазанда Қазақстан және Орталық Азияның басқа да елдеріне жасалған сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізген жоғары уағдаластықтарды іске асыру тетігі ретінде құрылған болатын.  

Е. Баударбек-Қожатаев сұхбаттасушыны халықаралық аренадағы екіжақты әріптестіктің негізгі аспектілерімен және Қазақстанның жаһандық бастамаларымен таныстырды.

Өз кезегіңде, К. Ногами жапон тарапы Қазақстанмен ынтымақтастықты ілгерілетуге және екіжақты саяси байланыстарға үлкен мән беретінін мәлімдеді. Ол Жапония Үкіметі Қазақстан аумағындағы жаңа перспективті экономикалық жобаларды іске асыру мен ядролық қаруды жою және оны таратпау саласындағы қазақстандық-жапондық өзара іс-қимылдарды одан әрі тереңдетуге ерекше мән беретінін атап өтті.      

 Жапония Үкіметі Бас хатшысының орынбасары Қазақстанды 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сәтті сайлануымен құттықтап, БҰҰ шеңберінде жемісті ынтымақтастықтың болатындығына үміт артты.

 





Яндекс.Метрика