Халықаралық интеграция

Астанадағы ауыл шаруашылығы көрмесіне 30 елдің 250-ден астам компаниясы қатысып жатыр (ФОТО)

Астанада «KazAgro/KazFarm-2016» ауыл шаруашылық көрмесі өтіп жатыр. Шараға 250 компания қатысуда.
Нұр-Сұлтан 26 Қазан, 14:51

 «KazAgro/KazFarm-2016» көрмесіне отандық компаниялармен қатар шетелдік тауар өндірушілері де көптеп қатысқан. Соның ішінде Грузия мен Финляндия биыл алғаш рет қатысып отыр. Ал Дания, Египет, Иордания, АҚШ, Тәжікстан, Украина, қатарлы 20-дан астам мемлекет бұдан бұрын да бұл көрменің көркін қыздырған.

«Үш күнге жалғасатын көрме биыл 7-ші рет ұйымдастырылып отыр. Әлемнің 30-дан астам елінен 250 компания тек қана ауылшаруашылығына арналған тауарлар, жем-шөп, техникамен қатар сүт өнімдері, дәнді-дақылдарды көрермен назарына ұсынады.Біздің еліміз үшін ауылшаруашылық саласы ерекше болып саналады. Ол тек қана экономикалық емес, әлеуметтік салада да еліміздің дамуында маңызды рөл атқарады» - деді көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Ауылшаруашылығы вице-министрі Серік Егізбаев.

Астанада басталған көрмеге еліміздің де бірнеше компаниялары мен ресми диллерлері қатысуда. «Қазақстанда жасалған» «Халық маркасы» «алтын сапа» қатарлы брендтік марка иегерлері де осы көрмеге қатысып, өз өнімдерін жұртшылыққа ұсынуда.14 000 шаршы метр аумақты алып жатқан көрмеде агрошаруашылыққа арналған дүниенің барлығы да бар. Үш күнге жалғасатын көрмеде көптеген келісімшарттар жасалып, халықаралық деңгейдегі сауда-саттық болады деп күтілуде.

 





Яндекс.Метрика