Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Польшаның ынтымақтастығы жаңа сапалы деңгейге көтерілді – Тоқаев

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Польшаның Қазақстандағы елшісі Мачея Лангуге жемісті жұмысы үшін алғыс білдіріп, оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты, кәсіптік қызметінде жетістіктер тіледі, деп хабарлады Сенат.
Нұр-Сұлтан 26 Қазан, 12:51

Сенат спикері елшімен кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастыққа жоғары баға берді.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылдың тамызында Польшаға мемлекеттік сапары біздің қарым-қатынастарымызды өзара түсіністіктің жаңа сапалы деңгейіне шығаруға мүмкіндік берді», - деп атап өтті Қ. Тоқаев.

Польшаның Сенат Төрағасы Станислав Карчевскийдің Қазақстанға жақын арада болған сапары  Парламентаралық ынтымақтастыққа едәуір серпін берді.

Қ. Тоқаевтың айтуы бойынша, Польшамен екіжақты ынтымақтастықты дамыту Еуропалық Одақпен стратегиялық әріптестік түпмәтінінде де маңызды болып табылады. Осыған орай, Польшаның Парламентін қоса алғанда, ЕО-ға мүше мемлекеттердің заңнамалық органдарының Қазақстан мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жылдам ратификациялауына сенім білдірілді.





Яндекс.Метрика